Облысқа арнайы сапармен келген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы діни оңалту бөлімінің маманы, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ислам Маратұлы “Иманғали” орталық мешітінде “Ұлттардың бірлігі—қоғам бірлігі” тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – татулық. Өзгелермен тату болу адамдар арасын жарастырады, біріктіреді. Мына әлемнің пәни екендігін сезіндіреді. Адамдар бір-біріне кешірім жасап, тату болу арқылы біз бітпес даудың түйінін шешіп, ата жауды адал досқа айналдырады. Мысалы, өзгелерге кешірімді болу, кешіріммен қарау мейірімділікке, татулыққа жол ашады. Ал кешірім сұрамау мен кешірмеу – адам өмірін түпсіз тұңғиыққа тірейтін жағымсыз қасиет. Сондықтан арадағы өкпе назды ұмыттыратын ең жақсы қасиет – татулық. Ислам – кешірімділік пен бауырмалдық діні. Ислам осындай ұлы жетістіктерге кешіріммен жетті. Себебі кешірім адамдар арасындағы сүйіспеншілікті нығайтады. Адамдар арасындағы араздықты басып, бір-бірімен достастырады, бір-бірінен алыстап кеткен адамдардың арасын жақындатады. Қоғамда тату болу бейбіт өмір сүруге жетелейді. Міне, Ислам дінінің басты талабы – осы,- деп атап өтті спикер.
Ол сондай-ақ тутлық, бірлік турасында аят-хадистермен қатар бабалар шығармашылығынан мысалдар келтірді.


