Ақтау қаласында XII республикалық Құран жарысы қорытындыланды.
Нұрислам Ахметжанұлы Құранның 20 парасын жатқа оқудан 1-орын иеленіп, 3 млн теңгені сертификатын иеленді.
Саламат Иманғалиев – Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 2-орын алды.
Жеңімпаздарға салтанатты жағдайда марапат тапсырылды.
Еске сала кетелік, Ақтау қаласында XII республикалық Құран жарысы өтті. Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады. Байқауға 80 үміткер қатысты.
Қатысушыларға қойылған басты талаптың бірі – Құран ережесіне сай жатқа және мәнерлеп оқу.