Атырауда өткен Құран жарысына арнайы келіп, қазылар алқасына төрағалық еткен Республикалық қарилар даярлау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабай үміткерлерге ризашылығын жеткізді.
» Біздің мақсатымыз – жастарды Құранға баулу. Құранды оқыған адам екі дүниенің сауабына кенеледі, жүрегі тазарады, мидың есте сақтау қабілеті де жақсарады.
Осындай сайыстардың көптеп ұйымдастырылуы шәкірттердің қызығушылығын да арттырады.
Бүгінгі таңда Атырауда қарилар орталығын ашу бойынша да жұмыстар атқарылуда. Бұл үлкен бастама» дейді қазылар алқасына төрағалық еткен Республикалық қарилар даярлау орталығының директоры Сәдуақас қари Олжабай.
Еске сала кетелік, Атырауда орталық “Иманғали” мешітінің ұйымдастыруымен республикалық Құран жарысының Сауытбайқызы Түймеш атындағы облыстық кезеңі өтті.
Құранның 10 парасын жатқа айтуда Дәулет Нұрашұлы бірінші орынды, Құранды мәнерлеп оқудан Арман Жамбылұлы бірінші орынды иеленді. Атыраулық жеңімпаздар енді республикалық сайыста бақ сынайтын болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.