Мақат ауданында қайырымдылық акциясы өтті

Мақат аудандық орталық мешіті кезекті қайырымдылық акциясын өткізді.

Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік пакеттері жеткізіліп берілді. Карантин талаптарын сақтау мақсатында еріктілер үйді-үйге жеткізген пакеттері бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді қамтыды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басымдық беріп отырған бағыты – қайырымдылық. Мұқтаждарға көмектесудің сауабы зор. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.