Атырауда қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі салынуда

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау селолық округі мешіті жанынан салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі (медресе) іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

«200 орындық екі қабатты ғимаратта діни біліммен бірге, дүниелік ілім қоса берілетін болады. Ғимаратта жатақхана, дәмхана, спорт залы болады деп күтілуде. Жатақхана екі бөлек орналасады. Яғни, шәкірттерге және ұстаздарға бөлек жатақхана болады. Біздің мақсатымыз – отансүйгіш және білімді, иманды жастарды тәрбиелеу» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Атырау селолық мешітіне мұнара тұрғызылды, автотұрақ жасақталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.