СӘРУӘР КОМАНДАСЫ «Khalel Quiz” ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНДА ҮЗДІК ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Атырау қаласында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Khalel Quiz» жалпы және орта білім беру мекемелері арасындағы интеллектуалды сайыс жоғары деңгейде өтті.

Сайысқа 50 команда қатысып, білім мен тапқырлық сынға түсті. Атырау облыстық “Иманғали” орталық мешіті атынан қатысқан имамдар мен мешіт жамағатынан құралған «Сәруар» командасы үздік өнер көрсетіп, жоғары жетінші орынды иеленді.

Бұл жетістік – дін қызметкерлерінің рухани салада ғана емес, білім мен таным бәсекесінде де белсенді екенін дәлелдейді. «Сәруар» командасы мүшелеріне алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да жаңа биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз!