ШӘКІРТТЕРДІҢ ОҚУ-АҒАРТУ БАҒЫТЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНБЕК

ҚМДБ-ның діни оқу-ағарту бағыты бойынша Атырау облысындағы жауапты ұстаз Арман Амангелдіұлы Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырамасымен Иманғали орталық мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында болып, шәкірттермен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз шәкірттердің оқу барысымен танысып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ діни ілім алудың артықшылығы мен жауапкершілігі туралы насихат айтты.

“Ілім – адамның ең үлкен байлығы. Құран үйрену – тек оқу емес, оны жүрекпен қабылдап, амалмен дәлелдеу. Сіздер алған біліміңіз арқылы ертең елге, ұлтқа қызмет етесіздер,” — деді Арман Амангелдіұлы.

Кездесу шәкірттердің рухани мотивациясын арттырып, олардың білімге деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етті.