Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті белсенді ерікті жастарды марапаттады.
Мешіттің ішкі жұмыстарына тікелей араласып, ізгі істердің басы-қасында жүрген азаматтардың қатарында Нұржан Тілекқабылұлы, Ерік Тілекқабылұлы, Таймас Болатұлы, Тимур Мәлікұлы және Жасұлан Құрманғалиұлы бар.
«Жастар еліміздің бүгіні мен ертеңі. Біздің мақсатымыз жүрегінде иман ұялаған, отансүйгіш, білімді жастарды тәрбиелеуге ықпал ету» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.