Иманғали орталық мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани басқосу өтті. Шараға мешіт жамағаты, қала тұрғындары мен ақсақалдар қауымы қатысып, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірінен тағылымды сыр шертілді.
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен мешіт жамағатына айлық дастархан жайылды. Дастархан басында бас имам жамағаттың ынтымақ бірлігі, иман сақтаудың амалдары турасында насихат айтты.