Сұрақ: Тақуалық деген не?
Жауап: Құранда адамның бойындағы асыл қасиеттер мен жаман мінездер айтылады. Енді сондай жақсы қасиеттердің барлығын өзіне қосқан тақуалық деген категория бар.
Құранда бұл туралы: «Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың» деп хабар келген («Хужурат» сүресі, 13 аят). Себебі тақуадар адам қолынан келгенше отбасында, қоғамда, жұмыста жалпы өзінің әдебімен, жұмсақтығы, адалдығы және әділдігімен үлгілі бола білген жан.
Діннің әмір еткен жақсылығын жасап, қайтарған жамандықтан (өсек айту, зұлымдық жасау, қиянат ету, әлімжеттік көрсету, екіжүзді болу және т.б.) сақ болады. Бірде бір адам келіп Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) тақуалық жайында сұрақ қояды.
Сонда сахаба:
– Сендер өмірде тікені көп жолмен жүріп көрдіңдер ме?
– Иә, жүрдік.
– Сол кезде не істедіңдер?
Тікендерден сақтанып, ақырын өттік. – Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтанып жүру.
Дереккөз: Kazislam.kz