Атырауда «Иман» мешітіне наиб имам тағайындалды

Шалқар Дәулетханұлын жамағатқа орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев таныстырды.

» Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шалқар Дәулетханұлы Атырауда жаңа қызметке тағайындалып отыр. Мешіттің ішкі жұмыстарын үйлестіру, ағартушылық, оңалту бағыттарында атқарылатын іс-шараларда қызметіңізге сәттілік тілеймін» деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Шалқар Дәулетханұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.
2013-2016 жылдары Тараз қаласындағы Һибатулла Тарази медресесінде білім алған. Кейін Қазақста мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру курсында білім алды.


Әр жылдары Қызылқоға, Исатай аудандарындағы мешіттерде наиб имам, бас имам қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Әділ Омар мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.