Ұстаз Мұхамедкәрім Сматұлы оқушылармен кездесті

Атырау қаласындағы Бесікті ауыл мектебінде Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің наиб имамы Мұхамедкәрім Сматұлының қатысуымен рухани кездесу өтті.

Кездесу аясында ұстаз Мұхамедкәрім Сматұлы жат ағымнан жас буынды сақтандыру тақырыбында насихат айтты.

«Ислам дінінің мақсаты – жер бетінде бейбітшілікті дәріптеу. Ықылым заманнан исламды ұстанған халқымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, адамгершілікті ең ұлы құндылық деп есептеген. Білім алу, оқу, күш-жігер, талап, қайратты жеке тұлға ретінде өсуге, елдің дамуы үшін жұмсау абзал. Дін, руханиятқа қатысты сауалдарды сала мамандарынан алған жөн» деп атап өтті ұстаз Мұхамедкәрім Сматұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі