Атырау қаласындағы Рембаза ауылында орналасқан үш бірдей дүкен иелері «бұдан былай алкогольдік ішімдіктер саудасынан түбегейлі бас тартамыз» деп шешті.
Шағын кәсіп иелерін оң шешім қабылдағандары үшін Әт Тақуа мешітінің имамы Қанағат Муслимов құттықтап, алғыс хат пен діни кітаптар табыс етті.
Рембаза ауылындағы “Ай-За”, “Мөлдір”, “ Азамат” азық-түлік дүкендері осылайша көпке үлгі болып отыр.
«Әт-Тақуа» мешіті атынан елдің ертеңі, жастардың болашағы үшін және қоғамға үлгі көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Қазақ әр қашан тазалықты, тектілікті және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттаған. Сіздер осы игі істеріңізбен басқа да ұжымдарға үлгі көрсетіп отырсыздар» делінген алғыс хатта.