Атырауда «Ақниет» мүгедектер қорына қайырымдылық көрсетілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығында кезекті ізгілік шарасы өтті.

«Ақниет» мүгедектер қорының мүшелері үшін 10 пакет ет табыс етілді.

«Еттер «Ақниет» қорына тапсырылды. Әрі қарай қор мүшелеріне жеткізілетін болады. Мұндай қайырымдылық шаралары мешітімізде тұрақты жалғасуда» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі