Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі 9 медресеге колледж мәртебесі берілді

Тәуелсіздік жылдарында елімізде мешіттер саны артумен бірге, діни білім ордалары қатары көбеюде.

Егемендік жылдары елімізде 9 медресеге колледж мәртебесі берілді.

Бүгінгі таңда аталған білім ордаларынан түлеп ұшқан 2769 шәкірт дін саласында еңбек етіп жүр.

Еске сала кетелік, діни білім беру ордалары Атырау облысында да бой көтеруде. Жуырда Атырауда облыстық орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында бір мезетте 30 адам тәлім алады. Ғимаратта асхана, жатақхана, ұстаздар бөлмесі, қонақ бөлмесі және дәрісхана бар.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы Жұлдыз елдімекенінде медресе салынып жатыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.