Тауып алған қаржыны садақа етіп беруге болады ма?

СҰРАҚ:

Ассалаумағалейкум, құрметті мешіт ұжымы! Сіздерге қояр сауалым бар еді. Дүкен ішінде бір кісінің түсіріп алған 50 мың теңгесі табылды. Алайда, иесін таба алмадық. Күттік. Арада 8 айдан астам уақыт өтті. Қаржы сол қалпында. Енді, дүкен иесі сол қаржыны ауырып жатқан адамның еміне садақа ретінде бергісі келеді. Солай істегені дұрыс па?

ЖАУАП:

Уағалайкумассалам.
Иә, бұл жағдайда қаржысын жоғалтқан иесінің атынан садақа етіп береді.