УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Орталық “Иманғали” мешітінде «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында имамдарға арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты – діни қызметкерлердің уағыз айту шеберлігін арттыру, халыққа діни насихатты түсінікті әрі әсерлі жеткізу жолдарын үйрету.

Іс-шараға өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Семинар барысында қатысушыларға уағыздың құрылымы, шешендік өнер, тыңдаушылардың жас ерекшеліктеріне сай сөйлеу әдістері, заманауи ақпарат құралдарын тиімді пайдалану туралы маңызды ақпараттар берілді.

Өз сөзінде бас имам: “Имам – қоғамның тәрбиешісі. Біздің айтқан әрбір сөзіміз жамағаттың жүрегіне жетіп, дұрыс қабылдануы маңызды. Сондықтан уағыз айтуда әдептілік, көркем сөз, шынайылық және дәлелді пікір айту басты қағидалар болуы тиіс. Халықтың сұранысын ескере отырып, діни ілімді заманауи тәсілдермен жеткізу – біздің басты міндетіміз” – деп атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.