ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Маңғыстау имамдарына «Уағыз айтудың әдебі», «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыптарында семинар өткізді.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен танымдық шараға облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздары қатысты.
Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Мансұров қатысушыларға арнайы дәріс оқып, уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы және тағы басқа да мәселелерде жамағатқа ислам құндылықтарын жеткізудегі әдістемеге тоқталды.
Сонымен қатар, семинар барысында имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.