Атырау облысына жұмыс сапары аясында ұстаз Дінмұхамед Сманов орталық «Иманғали» мешітінде және Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында ұстаз Дінмұхамед Сманов отбасылық қатынастар, отбасы құндылықтары туралы насихат айтты.
«Қазақта: «Отан – отбасынан басталады», «Өз үйім – өлең төсегім», «Екі жақсы қосылса аймен күндей» «Үйде береке болса, дастарханда берекет болады» деген ұлағатты сөздер бар.
Мұнда отбасы құндылықтары мен үлкенді сыйлау, береке мен ынтымақ мәселесіне зор баға берілген.
Халқымыз тектілікке ерекше маңыз берген. Текті болу дегеніміз-өнеге мен әдептіліктің ғасырларға жалғасқан үрдісін сақтауға жатады.
Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі бар. Тәрбиенің бұл тамаша озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы деуге болады» деді ұстаз Дінмұхамед Сманов.


