Ұстаз Дінмұхамед Сманов жылыойлықтармен кездесті (+ ФОТО)

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат топ мүшесі, Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхамед Сманов Жылыой ауданында болды.

Жергілікті мешітте жамағатпен кездескен ұстаз келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Бірлігі жоқ ел тозады,Бірлігі күшті ел озады», – дейді қазақ аталарымыз. Расымен бірлік болмаған елде тыныштық та, береке де, бақ та кетері анық. Ал тыныштығы қашқан бірлігі жоқ елді жау оңай алары сөзсіз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбіршілікпен атқарған әрбір жұмысқа, Алла берекесін берері анық. Біздің өңіріміздің халқыда ата-бабаларымзыдың асыл мұрасы болып қалған бірлікті, әрбір істің басына қояды» деп атап өтті ұстаз Дінмұхамед Сманов.