Атырау облысына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы облыстық «Иманғали» мешітінде жамағатпен, Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында шәкірттермен кездесіп, насихат айтты.
Кездесу барысында ұстаз Нұрлыбек Шәкизадаұлы жастарды білім алуға, кемел мұсылман болуға ұмтылуға шақырды.
«Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінде «Кемел адам», «Шынайы мұсылман» концепсиясы ұсынылады. Оның басты шарттары ретінде үздік әрқырынан қайталанып, сабақтастығын жоғалтпайтын «Имандылық», «Ағартушылық» және «Еңбек сүйгіштік» сияқты бірнеше маңызды мәселелерді айтуға болады. Осы негіздер аясында адам баласы зерделі ақылы мен еркіндігінде болған күш-жігерін иманға байлай отырып, мағыналы ғұмыр кеше алады. Әсіресе, жастық шағын адам жан-жақты білім алуға, өзін дамытуға жұмсауы керек. Жалқаулық, бойкүйездік адамды алысқа апармайды. Сондықтан, білім мен еңбек егіз ұғымға айналуы қажет» деді ұстаз Нұрлыбек Шәкизадаұлы.