Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және кадр даярдау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Иманғали» орталық мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында ұстаз Смайыл Сейтбеков шүкіршілік, қанағат Алланың берген ризықтары жайында насихат айтты.
«Шүкіршілік ету – мұсылманның сипаты. Әдетте, жүрекпен шүкіршілік ету, тілмен шүкіршілік ету және дене мүшелерімен шүкіршілік ету амалдары бар.
Жүрекпен шүкіршілік ету деп адамзат өз санасымен атқаратын шүкіршілікке айтылады. Яғни, пенде өзіне берілген әрбір нығметтің Алла Тағала тарапынан сыйлық етілгендігін білуі және мойындауы – жүрекпен шүкіршілік ету болып табылады» деп атап өтті ұстаз Смайыл Сейітбеков.
Кездесу барысында ұстаз Алла елшісі (с.ғ.с) өмірі мен саңлақ сахабалардың өнегелерінен мысалдар келтірді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.