Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық насихат топ мүшесі, «Орал медресе колледжі» директоры, ҚМДБ РАНТ мүшесі, ұстаз Талғат Мұратұлы Атырау облысына сапары аясында Құрманғазы ауданына барып, Сауат ашу орталығы шәкірттерімен жүздесті.
Кездесу барысында Талғат Мұратұлы білім алудың маңызы туралы насихат айтты.
«Қасиетті Құран «Оқы!» деп басталады. Дінімізде білім алу – парыз. Білімді, саналы, рухани бай ұрпақ қана еліміздің болашағын жасайды» деп атап өтті ұстаз Талғат Мұратұлы.