ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жуырда ғана жұмысын бастаған «Зекет Hub» орталығында әлеуметтік жағдайы төмен мектеп оқушыларына көмек берілді.
Миғраж түнінің құрметіне жасалған игі шарада елордадағы №48 мектепте білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен 10 оқушының отбасыларына азық-түлік берілді. Игі шараға қордың жетекші маманы Әли Әзімбекұлы мен №48 мектеп директорының орынбасары Назгүл Темірханқызы қатысты.
Көмек алған мектеп оқушылары қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.