ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау облысындағы өкілі Амантай Бауыржанұлы мен Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Сағидоллақызы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Келісімнің негізгі мақсаты – жастар арасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру бағытында бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.

Жиын барысында ҚМДБ Жастар секторының өңірдегі өкілі Амантай Бауыржанұлы «Бүгінгі келісім – ортақ мақсат жолында күш біріктіруге жасалған нақты қадам. Жастардың рухани, адами, мәдени деңгейін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы бағытта бірлесе атқаратын жұмыстарымыз мол» – деп атап өтті.

Өз кезегінде Жастар ресурстық орталығының директоры Мәнсия Сағидоллақызы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып:
«Біз жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. Әсіресе рухани тәлім-тәрбие беру саласында мешіттер мен әріптестік байланыс орнату – біз үшін маңызды мүмкіндік» – деді.

Алдағы уақытта екі тарап бірлесіп семинарлар, тренингтер, жастар форумдары мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, діни сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау да басты назарда болмақ.

Кездесу соңында жасорта басшысына мүфтият баспасынан жарық көрген Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп және Мінсіз Мұхаммед еңбектерін тарту етті