Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының діни оқу-ағарту бағыты бойынша Атырау облысындағы жауапты ұстаз Арман Амангелдіұлы Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасымен Қызылбалық ауылында орналасқан Бақтыгерей молла мешіті жанындағы сауат ашу орталығында болып, тәлім алып жатқан шәкірттермен кездесті.
Кездесу барысында шәкірттермен сұхбаттасып, діни білім алудың маңыздылығы, дәстүрлі Ислам құндылықтарын бойға сіңірудің маңызы мен рухани тәрбие жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, мешіттің бас имамы Асылбек Тілепбергенұлымен кездесіп, орталықтың оқу-тәрбиелік бағыттағы жұмыстары жайлы пікір алмасты.
Бұл діни оқу-ағарту бағыты бойынша аймақтағы жұмыстарды жандандыруға, сондай-ақ жергілікті мешіттердегі діни білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралардың бір бөлігі болды.
Еске сала кетейік аталмыш мешіт жанынан жүз адамға арналған құран жаттау орталығы бой көтеруде




