Жыл ішінде атқарған нәтижелі еңбектері үшін қала және аудан имамдарын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы марапаттады.
Мәселен, Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Сұлтанов апта сайын қайырымдылық шараларының тұрақты өтуін жолға қойғаны үшін марапатталды. Ал, Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жат ағыммен күресте нәтижелі еңбек сіңіріп, бірнеше азаматтың дәстүрлі мәзһабқа оралуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
Осындай сыйлықтар Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиевқа пандемия жағдайында онлайн бағыттағы дәрістердің үздіксіз жүргізуіне қосқан үлесі үшін және Атырау қалалық Құспан молла мешітінің ұстазы Айдын Серікбаевқа тапсырылды.
Еске сала кетелік, кеше Атыраудың орталық мешітінде қала және аудан имамдары жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен қайырымдылық, уағыз – насихат және ағарту, оңалту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланған жиында алдағы кезеңде атқарылатын шаралар легі талқыланды.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.