Жылыой аудандық мешіті науқастанып жатқандарға қымыз жеткізіп берді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 28 шілде, 2020 жыл.   Қайырымдылық аясында Жаңарқа жерінен алынған 350 литр қымыз сусыны Жылыой аудандық ауруханасына және науқастанып жатқан отбасыларға жеткізілді.

«Қазақта «Жайылымы болмаса мал азады, қайырымы болмаса жан азады» деген сөз бар. Кезекті қайырымдылығымыз ауырып жатқандарға нәр, шипа болсын деген ниетпен ұлттық тағамымыз – қымыз сусынын таратуға арналды.

Әрине, барлық адамды бірдей қамту мүмкін емес. Десе де, ниетіміз науқастанып жатқан бауырларымыздың тезірек сауығып кетуіне үлес қосу» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.