Барлығы 25: Мақат, Индер аудандық мешіттері жергілікті ауруханаларға оттегі аппараттарын тапсырды

amin.kz/ 28 шілде, 2020 жыл.  Аталмыш ізгі шараға Мақат аудандық орталық мешіті ұйытқы болды.

13 дана оттегі аппаратын Мақат аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Батырбек Оңдасынов қабылдап алды.

«Қазіргі пандемия бізді көп нәрсеге үйретті. Бардың қадірін білу, жақынымызға қамқор болудың шын мәніндегі үлгісі осындай сын сағатта байқалып отыр.

Бұл ізгі шараға Мақат ауданының кәсіпкерлері, жамағат атсалысып отыр. Тапсырылған аппараттарымыз ауырып жатқан бауырларымыздың сауығып кетуіне себепкер болсын» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Айта кету керек, кеше осындай 12 дана оттегі аппараты Индер аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен Индер аудандық ауруханасына тапсырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.