Жәрмеңке аясында үй жағдайында пісірілген бауырсақ, торт сынды түрлі кондитерлік өнімдер қолжетімді бағада сатылды.
Қайырымдылық жәрмеңкесін Жылыой аудандық орталық мешіті жанындағы Әйел-қыздар секторы ұйымдастырды.
Жәрмеңкеден түскен қаражат мешіттің қайырымдылық бағытындағы шараларына жұмсалатын болады.
«Қайырымдылық шараларын әр кез түрлі форматта ұйымдастыруға тырысамыз. Осындай азық-түлік жәрмеңкесі, спорттық шаралар ұйымдастыру аясында түскен қаражаттар мешіттен көмек сұрап жүрген мұқтаж жандарға үлестіріледі немесе оларға азық-түлік пакеттері сатылып алынады. Кейде дертке шалдыққан бауырларымыздың еміне қаражаттай көмек беруге жұмсалады. Ал, бүгінгі шара аясына жиналған 400 мың теңге қаражат салынып жатқан мешіт құрылысына жұмсалады» дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің наиб имамы Думан Балықшиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.