Жылыой ауданында Мәуліт рухани кеші өтті

Жылыой аудандық орталық мешіті жанындағы Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен, Мәуліт рухани кеші болып өтті.

Рухани кеш аясында Мәуліт жыры оқылып, иллаһи әндер орындалды.

Кешке арнайы қатысқан Жылыой аудандық орталық мешітінің наиб имамы Думан Балықшиев Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі, көркем мінез хақында насихат айтты.

«Алла Тағала Құранда «Сен көркем мінез иесісің» деп, Пайғамбарымызға жоғары баға берген. Ғаламға нұрын шашып келген Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деп, нұрлы жолының негізгі ұстанымын көрсетеді. Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмметі болғандықтан, одан үлгі алуға тиіспіз» деп атап өтті ұстаз Думан Балықшиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.