Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев Майкөмген ауылына барып, жергілікті мешітте ауыл тұрғындарымен, мешіт қызметкерлерімен кездесті.
Ихсан ілімі тақырыбында насихат айтқан Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев кемел мұсылман болуға ұмтылуға үндеді.
«Жыл басында Бас мүфти басымдық берілетін жеті бағытты бекіткен болатын. Солардың бірі – Ихсан рухани тәрбие негізі атты бағыт. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен қолға алынған бұл бағыттың басты мақсаты – Исламның биік көрінісін танытатын Ихсан ілімі туралы халықты ақпараттандыру, көзі қарақты оқырманды сенімді мәліметпен қамтамасыз ету.
«Ихсан» ұғымы – Ислам дініндегі Аллаға ұнамды іс, кіршіксіз сенім, қалтқысыз құлшылық, шынайы ғибадат ету деген ұғымдарды береді» деп атап өтті Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.