Атырауда «Әйелдер – қыздар» секторы «Мәуліт» кешін атап өтті

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Атырауда әйел, аналардың басын қосқан рухани кеш болып өтті.

Діни әндер айтылып, тақырыптық қойылымдар көрермен назарына ұсынылған кешті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әйел – қыздар» секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.

«Алланы жақсы көрген адамның Оның елшісін сүймеуі мүмкін емес. Хазірет Пайғамбарды (с.а.с.) еске алғанда, көз алдымызға тек қана мейірім мен сүйіспеншілік келеді. Ол бүкіл адамзатқа мейірімділік пен рақым алып келді. Достары түгілі дұшпандары да одан тек қана жақсылық пен ізгілік көрді. Оның нұрлы өміріне көз салсақ бұны анық көреміз» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.