amin.kz/ 11 шілде, 2020 жыл. Ел амандығы үшін құрбандыққа шалынған алты ірі қара малдың еті 110 мұқтаж отбасына таратылды.
«Қазіргідей қиын жағдайда бірге болуымыз керек. Жақсы істер, ізгі амалдар жамандықтың бетін қайтарады. Жағдай қаншалықты күрделі болса да, Алладан үмітімізді үзбей, садақа жасауға және карантин талаптарын сақтауға шақырамын.
Біз өзіміздің және отбасымыздың, жақындарымыздың, тұтас халқымыздың болашағы үшін жауаптымыз. Жасаған дұғаларымыз қабыл болғай» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.