Атырау: орталық «Иманғали» мешіті ИВЛ аппараттарға қаржы жинау акциясын бастады (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 10 шілде, 2020 жыл.  Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті жамағатты пандемия жағдайында жетіспей жатқан ИВЛ аппараттарды сатып алуға жәрдемдесуге шақыруда.

Мүфтияттан бастау алған «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында орталық «Иманғали» мешітінде жалғасқан асардан түскен қаржы Атыраудағы стационарларға жеткізілетін болады. Осыған байланысты Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы атыраулықтарды қайырлы істе тартынбауға, елдігіміз сыналып жатқан сынақ кезеңінде бірігуге шақырды.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атыраудағы коронавируспен күреске жұмылдырылған стационарларда 115 ИВЛ аппарат бар.

Бүгінде әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетіп отыр. Соның салдарынан 500 мыңнан астам адам көз жұмды. Қалыптасқан ауыр эпидемиологиялық ахуалға орай, Атырауда да қатынайтын жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылып отыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.