Жылыой аудандық мешіті сырқат баланың еміне көмек көрсетті.
Мешіт ұжымының, жылыойлықтардың атсалысуымен баланың анасы Анаргүл Қалиеваға 700 мың теңге көлемінде көмек табыс етілді.
«Қызым Амина Қалиева қазір 10 жаста. «Очаговая алопеция» сырқатына шалдыққан қызыма ем керек. Бұл қаражатты кезекті ем қабылдауымызға жұмсайтын боламыз. Қолдау көрсетіп жатқан қайырымды жандарға Алла разы болсын» дейді науқас баланың анасы Анаргүл Қалиева.
Еске сала кетсек, қайырымдылық бағытында түрлі шаралар ұйымдастыру және мұқтаждарға көмек беру – мүфтият бекіткен 5 негізгі жұмыс бағытының бірі.
https://youtube.com/shorts/7oImFwiDrAc?feature=share