amin.kz/ 24 шілде, 2020 жыл. Мыңдаған дана дәрі Жылыой аудандық ауруханасына гуманитарлық көмек ретінде жеткізілді.
«Оның ішінде қызу түсіретін, антибиотиктер, жалпы, коронавирус және пневомония дертін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер бар.
Мешітімізден Жылыой аудандық ауруханасына қолдау ретінде жөнелтілген дәрілер қазіргі уақытта науқастанып жатқан бауырларымыздың сауығып кетуіне септігін тигізсе деген ниетіміз бар.
Бұл індетті жақсылық жолында бірігіп, үнемі дұғада болғанда ғана жеңеміз» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.