amin.kz/ 5 қыркүйек, 2020 жыл. «Мектепке жол» акциясы аясында Жылыой аудандық орталық мешіті 30 балаға қаржылай сертификат табыс етті.
«Әрқайсысы 10 мың теңгенің сертификатына балалар сабаққа қажетті құралдарды өздері таңдап алатын болады. Бұған дейін де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанған негізгі бағыттың бірі қайырымдылық. «Мектепке жол» акциясы да осы әлеуметтік жағынан осал топтарға жан-жақты қолдау көрсетудің үлгісі» дейді Жылыой аудандық орталық мешітінің ұстазы Думан Балықшиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.