Жылыой аудандық орталық мешітінде 23 түп жеміс ағашы отырғызылды.
Жеміс ағаштарын отырғызуға Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев бастаған имамдар, мешіт қызметкерлері және еріктілер атсалысты.
«Қазақта атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген керемет сөз бар. Ағаш егу – қайырлы іс. Жасыл желек жанға сая, әрі ағаш келер ұрпаққа қызмет ететін құндылық» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.