Атырау облысының әкімі орталық «Иманғали» мешітіне зиярат етті

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітіне барды.

Облыс басшысы орталық «Иманғали» мешітінде жұртшылықпен бірге Құран бағыштау рәсіміне қатысты.

Орталық мешіттің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс әкіміне өңірдегі діни ахуал жөнінде баяндап, бірқатар мәселелерді жеткізді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.