Жылыой ауданындағы Қосшағыл мешітінде жамағат үшін күнделікті дәріс өтіп жатыр.
«Әр құптан намазынан кейін «Тағлим мута аллим» кітабынан кезекті дəріс өтуде. Мәселен, кешегі дəріс «ұйқы əдебі» тақырыбына арналды. Асылында, мұсылман баласы ұйқының əдебін сақтау арқылы да, зор сауапқа ие болып, құлшылық сауабын ала алады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) түннің бірінші бөлігінде кұптан намазынан кейін ұйықтаушы еді. Құптаннан алдын ұйықтағанды ұнатпайтын. Сосын түннің екінші бөлігінде тұрып намаз оқитын, қайта жататын.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ұйықтауы мен ұйқыдан тұру әдетiне зер салсаңыз, дененің демалуына, ағза ның тыныстауына және күш – қуат жинауға ең тиімді әдіс екенін аңғарсыз. Бұл сергектікпен қатар мол сауапқа кенелтеді» деді Қосшағыл мешітінің наиб имамы Ғанибек Қожанәпесов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.