Белгілі қари Дінәсіл Қаражанов Қосшағыл мешіті жастар жамағатымен жүздесті

Еліміздегі Әбу Ханифа медресесінің шәкірті, қари Дінәсіл Қаражанов Жылыой ауданына қарасты, Қосшағыл мешітіне барып, жастар жамағатымен жүздесті.

Жастармен кездесуінде қари Дінәсіл Қаражанов қари болуға ниет білдірген жас өрендерге, ілім алу жолындағы тəжірбиесімен бөлісті.

«Қари болғыңыз келсе, әуелі ниет етіңіз. Ең маңызды нәрсе осы. Амалдар ниетке байланысты дейді хадисте де. Құранды жаттау ниетіңіз Алланың разылығына жету үшін болуы ләзім екенін өзіңіз де білерсіз.

Ыждағаттылық танытыңыз. 600 бетті жаттау үшін арқаны кеңге салып анда-мұнда асыр салып шапқылауды ұмыту керек. Асқан табандылық танытпасаңыз нәтижеге жетуіңіз екіталай. Сіз ілімге барыңызды берсеңіз, ілім сізге бір бөлігін береді деген тәмсіл тегін емес» деп атап өтті қари Дінәсіл Қаражанов.

Одан әрі қари жастардың сауалына жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.