Жылыойда «Майкөмген» мешіті ауласының қоршауы жаңартылды

Жылыой ауданына қарасты » Майкөмген » ауылында орналасқан мешітте бірқатар жаңарту жұмыстары қолға алынды.

«Майкөмген» мешітінің имамы Райымбек Сағындықовтың бастамасымен, мешіт ауласы жаңадан қоршалып, бірнеше көшет отырғызылды.

«Мешіт – Алланың үйі. Сонымен бірге, мешіттеріміз көркемдіктің, тазалықтың, әдеміліктің символы болуы қажет. Біз мейілінше мешіттерімізді күтіп ұстауға жұмыстанатын боламыз» дейді «Майкөмген» мешітінің имамы Райымбек Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.