Жылыой аудандық орталық мешітінде Құран жарысы өтті. Әйел-қыздар жамағаты арасында өткен рухани сайыс үш номинация бойынша ұйымдастырылды.
«Фил» сүресі мен «Нәс» сүресін жатқа айту номинациясында бірінші орынды Фарида Рамазанова жеңіп алды. Екінші орынға Рахат Рамазан лайық деп танылды. Үшінші орынды Жаңыл Тұрлан мен
Қарлығаш Қожаниязова өзара бөлісті.
«Духа» сүресі мен «Нәс» сүресі номинациясы бойынша үш жеңімпаз анықталды. Бірінші орынды Баян Телеумбетова иеленді.
Екінші орынды Ұмсынай Текебаева, үшінші орынды Қалияш Султанова алды.
«Нәба» сүресі мен «Нәс» сүресі номинациясы бойынша екі жеңімпаз анықталды. Бірінші орынды Жұмагүл Маланова мен Гүлжан Серікова иеленді. Сайыста 16 қатысушы өзара бақ сынасты.