Жылыой мешіті қарияларға құрмет көрсетті

Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы Жасұлан Қағазғалиевтың бастамасымен жергілікті ақсақалдарға, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді.

Дастархан жайылып, еркін пікір-алмасу форматында өткен кездесуде жастар тәрбиесі, қоғамдық тұрақтылық, береке-бірлік тақырыптарында насихат айтылды.

«Қарты бардың қазынасы бар». Ата-бабаларымыздан қалған осынау сөзде терең мағына жатыр. Ежелден қариясын құрметтеп, кішіге ізет көрсеткен халқымыздың керемет дәстүрін жаңғырту – бізге міндет. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты, үлкендерімізге құрмет көрсету мүмкіндігі туды. Тәрбиелік, рухани бағыттағы шаралар жалғасын табады» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.