Белгілі актер Мадияр Серікбаев Атырау мешітінің студиясында қонақ болды

Белгілі актер «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев Атырау облысына сапары аясында «Иманғали»  мешіті жанынан ашылған студияда қонақ болып «Amin.kz» подкаст жобасына қатысты.

Сұхбат барысында қоғамдағы діни көзқарас, мешіт әдебі, отбасы құндылықтары және имамдардың беделі туралы ой қозғалды.

Асыл дініміздің құндылықтарын, қоғамдағы діни танымды өткір әзілдері арқылы насихаттап жүрген өнер иесі алдағы жоспарларымен бөлісіп, дін жанашырларына рақметін жеткізді.

Еркін сұхбатқа Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы да қатысып, қазіргі таңда талқыланып жатқан 25 мешіт, имам беделі сынды сұрақтарға жауап берді.