Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына сапары барысында аудан әкімі Марат Мурзиевпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жариялаған «Ислам — ынтымақ және бірлік жылы» аясында атқарылатын жұмыстар талқыланды.
» Құрманғазы ауданы облыстан шалғайда орналасқан аймақ. Сонымен бірге, шекаралық аймақ, Қазақстан мен Ресейдің қақпасы десек те болады. Сол себепті, жыл басындағы маңызды қадамдарымызды осы өңірден бастауды жөн көрдік» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал, кадр мәселелрі сөз талқыланып, тараптар ортақ уағдаластыққа қол жеткізді.
Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданы әкімі Марат Бисенғалиұлына мүфтият баспасынан шыққан «Толық адам» кітабын сыйға тартты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.