Құрманғазы ауданында облыс мешіттерінің 2022 жылғы жұмыс жоспары талқылануда

Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс имамдарымен кезесті.

Кездесуде облыс имамдарының 2022 жылғы жұмыс жоспары талқылануда.

Жиын барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы 2022 жылға бекітілген жұмыс жоспары, жеті бағыт бойынша атқарылатын шаралар туралы баяндап, маңызды құжаттарды таныстырды.

«Биылғы жылды мүфтият “Ислам — ынтымақ және бірлік жылы” деп жариялады. Бұл бағытта біз дәстүрімізді, ділімізді, тілімізді, отбасы құндылықтарын дәріптейтін игі шараларды көбірек өткізуіміз керек. «Қарға тамырлы қазақ» деген керемет тәмсіл бар. Яғни, халқымызды, қоғамды бірлікке, ынтымаққа үндейтін шаралар басты мақсат болуы тиіс. Осы ретте, «Ақсақалдар алқасы», «Әжелер мектебі» институттарымен байланысты нығайту да басты назарда болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.