Атырауда жаназа рәсімі тақырыбында дәріс өтті

Атыраудағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте жаназа рәсіміне арналған дәріс өтті.

Жамағат қатысқан шарада аталған мешіттің наиб имамы Арыстан Мұхамедкәрім дәріс оқыды.

«Адам жан тапсырған соң, жағын иектің астынан жоғары қарай жалпақ шүберекпен байлап, аяқ-қолын дұрыстап, мәйітті жоғары жатқызып, киімін шешіп, үстіне жамылғы жауып қою – мустахаб» деген ұстаз Арыстан Мұхамедкәрім мәйітті жуу шарттары, кебіндеу, жаназа намазының үкімі, жаназа намазының сипаты, мәйітті шығару мен жерлеуге апару тақырыптарында кеңінен ақпарат берді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарған болатын. Ондағы мақсат – жаназа, жерлеу рәсімдері кезіндегі дәстүр, ғұрыптарды біріздендіру болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.