Бұл туралы бүгін Атырау қаласы және облысқа қарасты аудан имамдарының орталық «Иманғали» мешітінде берген жылдық есебі барысында белгілі болды.
Мәселен, Мақат ауданында ағарту бағытында нәтижелі жұмыстар бар. ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарында аудан бойынша 13 студент білім алуда.
«Атап айтқанда, «Нұр-Мүбарак» университетінде 7 студент, Шымкент медресе колледжінде 1 студент тәлім алуда. Ал, Түркістан облысындағы «Әбубәкір» қарилар медресесінде 2 шәкірт, Қордай қарилар орталығында 1 шәкірт, мүфтиятпен мақұлданған Ливан елінің Триполи қаласында 2 шәкіртіміз шариғат факультетінде білім алуда» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Қазіргі таңда мешіт имамдары және ұстаздарынан 30-ға жуық жамағат тұрақты білім алуда. Карантиндік шектеулер кезінде телеграм каналы арқылы дәрістер онлайн берілді.
Еске сала кетелік, Мақат ауданы бойынша үш мешіт заңды тіркеліп жұмыс жасап тұр.
«Мақат аудандық» орталық мешіті, Доссор елді-мекеніндегі «Доссор мұсылмандар» мешіті, Доссор елді-мекеніндегі «Сәтен Шәмек» атындағы мешіттер асыл дінімізді насихаттау жолында еңбек етуде.
Айта кетелік, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алдында есеп берген қала және аудан имамдары діни ағарту, оңалту, қайырымдылық және ағарту бағытында жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.